12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бос жұмыс орны жәрмеңкесі өтті

Жыл басынан бері Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған сотталған адамдар жұмысқа орналастырылады.

Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік – құқықтық көмектер көрсетіліп отырады. Әлеуметтік — құқықтық көмектің бірі – сотты болғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Осыған орай жуырда Төлеби аудандық халықты жұмыспен қамту орталығында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Пробация қызметі мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды және жазасын толық өтеген адамдарды жұмысқа орналастыру мақсатында тоқсан сайын жәрмеңке өткізіп тұрады. Аталған жәрмеңкеге Төлеби ауданы тұрғындары мен пробация есебінде тұрған сотталғандар қатысты. Аталған іс-шарада бірнеше жұмыс беруші мекемеден бос жұмыс орны ұсынылды. Іс-шарада жұмыс іздеушілерге газэлектродәнекерлеуші, тас құрылысшы, бетоншы, көмекші жұмысшы, электромонтер, тазалаушы, оператор, электрослесарь, аула сыпырушы және тағы басқа бос жұмыс орындары ұсынылды.

Төлеби аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын, Сот үкімімен бас бостандығын шектеу жазасына тағайындалып, пробация бақылау белгіленген жұмыссыз жүрген сотталғандарды жұмыспен қамтуға тырысудамыз. Атап айтар болсақ, сотталғандардың қайта қылмысқа баруына жол бермеу, оларды жұмыспен қамту мәселесі барлық Пробация қызметкерлерінің басты тапсырмасының бірі. Сонымен қатар, ФудМастер-Шымкент» ЖШС, «Әсель» өндірістік кооперативі, «Назар текстиль» ЖШС сияқты өндіріс орындары мен кәсіпорындар, аудандағы мемлекеттік мекемелер бос жұмыс орындарын ұсынды. Жәрмеңкеден Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған сотталған азаматтарда тыс қалған жоқ, 10 азамат бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысып, жәрмеңке барысында жұмыс беруші мекемелердің өкілдерімен еркін сұхбат құрып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. алдағы уақытта өз таңдаулары бойынша жұмысқа орналастырылатын болды, — дейді Төлеби аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет майоры Бауыржан Сарыпбеков.

Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской организован творческий вечер

В учреждении №79 Департамента уголовно-исполнительной системы по Атырауской области...

Жеке құраммен түсіндіру-профилактикалық кездесу өтті

2025 жылғы 8 шілдеде №2 түзеу мекемесінде мекеме басшылығының...

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...