«Ағайындылар» Германияда жүлдеге ие болды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» дебюттік толықметражды фильмі 14-18 қыркүйек аралығында өткен Oldenburg International Film Festival (Германия) беделді кинофестивалінде жүлдеге ие болды. 

Кинокартина қазылар алқасының арнайы сыйлығымен — «Spirit of Cinema» («Кино рухы») марапатталды. Жүлде ретінде режиссерге қола мүсінше табысталды. Марапаттау рәсімін Дархан Төлегенов «Alga, Qazaqstan!» сөздерімен аяқтады.

Ольденбургтегі халықаралық тәуелсіз кино фестивалі – әлемдегі жетекші инди фильмдері фестивальдерінің бірі, оны еуропалық «Сандэнс» деп те атайды. Бұл кинофорум бүкіл әлемнің тәуелсіз кинематографистерінің шығармашылығын қолдауға бағытталған.

«Ағайындылар» Ольденбург халықаралық кинофестивалінде көрсетілген алғашқы қазақстандық фильм. Сонымен қатар картина АҚШ, Канада, Ресей және Албаниядағы фестивалдердің ресми бағдарламаларына кірді. Фильм отандық прокатқа келесі жылдың басында шығады.

«Ағайындылар» фильмі балалар үйі түлегінің өмірі туралы баяндайды. Ақжол қылмыстық әлемге тартылып, інісінің бар екенін білмейді. Кездескеннен соң, ағайындылар отбасын табуға үміттеніп, әкесін іздей бастайды…

«Менің өзімнің де інім бар, Мен жай ғана осы тақырыпта ойланып, толғандым: егер бір-бірінің бар екенін білмеген ағайындар кездесіп, ортақ болашаққа үміт артса ше? Міне, осы тақырыпта фильм түсіргім келді», — дейді режиссер.  

Басты рөлдерде Әлішер Исмаилов, Айбар Салы және Азат Жұмаділ. Фильмде сценарист Ален Рахметалиев, продюсер Максим Акбаров, қоюшы оператор Шерхан Таңсықбаев, қоюшы суретші Бағдат Қожахметов жұмыс істеді.  Туындыға музыканы композитор Абай Ақбаев жазды.

Картинаның креативті продюсері өткен жылдың мамыр айында мезгілсіз қайтыс болған Фархат Әбдірайымов болған.   

Обжалование подзаконных актов в АППК

17.12.2025 года Законом «О внесении изменений и дополнений в...

Әйелдер колониясында Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарсаңында Абай облысы бойынша...

В женской колонии области Абай прошло праздничное мероприятие ко Дню Победы

В преддверии Дня Победы в Великой Отечественной войне в...

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысты

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әйелдер колониясының қызметкерлері...