Алматы облысының колониясында «Сотталғандарға арналған психологиялық клуб» ашылды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №12 мекемеде психологтар жетекшілігімен “Сотталғандарға арналған психологиялық клуб” құрылды.

Мақсаты сотталғандардың жеке басын қолдау, дамыту, психологиялық білімнің сенімділігі мен негізділігіне, олардың қол жетімділігіне кепілдік беретін психологиялық ақпараттық кеңістік құру.

Психологиялық клуб жұмысында басты назар топты біріктіруге және өзара сенімді қалыптастыруға бағытталған, бұл одан әрі жұмысты сәтті жүзеге асырудың алғышарттарын жасайды. Содан кейін эмоциялар мен сезімдерді түсіну және білдіру дағдыларын қалыптастыруға, стресстік жағдайлармен күресу әдістеріне бағытталған сабақтар жүргізіледі. Бұл ретте психологиялық ойындар, топтық пікірталастар, дәрісханалар, психодиагностикалық әдістемелер, тренингтік сабақтар, дөңгелек үстелдер пайдаланылады.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...