Ақтөбеде тергеу изоляторындағы досына сәлемдеме әкелген азаматтың сөмкесінен өсімдік тектес зат тәркіленді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің қызметкерлері мекемеге сәлемдеме әкелген азаматтың азық- түлік салынған сөмкесінің ішкі тігістерінің арасына мұқият жасырылған қою жасыл түсті ерекше иісі бар өсімдік тектес затты тәркіледі.

Тыйым салынған заттарды 38 жасар А.С. есімді Ақтөбе облысының тұрғыны абақтыда «Қорқытып алу» бабы бойынша айыпталушы досына жеткізбек болған.

«Орын алған факті бойынша оқиға орнына жедел тергеу тобы шақыртылып, материал мекеменің арнайы есепке алу кітабына тіркелді. Сонымен қатар, процессуалдық шешім қабылдау үшін Ақтөбе қаласының ІІБ Астана ауданы бойынша №2 қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына жөнелтілді»,- дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі,
Фото және видео: Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...