12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Теологиялық оңалту жұмыстарының игі әсері мол

Қылмыстық атқару саласына қарасты Қызылордадағы № 60 мекемесі Республикалық мекемесінде жазасын өтеп жатқан экстремизм және терроризм баптары бойынша сотталған азаматтарымен теологиялық оңалту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді.

Атап айтар болсақ, жергілікті діни бірлестік өкілдері мен жергілікті атқарушы органдардың теологтары апта сайын мекемеге келіп, түрлі діни және қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптейтін тақырыптар бойынша сотталғандармен жеке және топтық кездесулер өткізуде.

Бүгінгі өткен сондай кездесулердің бірінде , сотталғандар дұрыс діни сауаттарын жетілдіріп, көзқарастары оң бағытқа бейімдеді.

Сондай –ақ, өз ойларын ортаға салып, алған әсерлерімен бөлісті.

«Қазіргі таңда екінші рет экстремизм және терроризм баптары бойынша жазамды өтеп жатырмын. Алайда осы мекемеге келгелі діни сауатым ашылып, өзіме таңсық болған көптеген мәліметтермен таныстым және діни мәселеде өзіме күмәнді болған сұрақтардың шешімін таптым деп ойлаймын.

Айта кететіні біз бұл жерде діни сауатымызды арттырып қана қоймай қазақ елінің тарихы мен қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша да дәрістер алып жатырмыз.

Бізге осындай жағдай жасап отырғаны үшін мекеме әкімшілігіне және мекемеге келеуші мамандарға айтар алғысым шексіз.

Алдағы уақытта бостандыққа шыққан кезде шалыс басып, өзге деструктивті діни ағымдардың арбауына түспейтінімді нық сеніммен айта аламын», — дейді Ж есімді сотталған.

№20 мекемеде сотталғандарды жұмыспен қамту және өндірістік әлеуетті дамыту мәселелері талқыланды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

В учреждении №20 обсудили вопросы занятости осуждённых и развития производственного потенциала

В учреждении №20 Департамента уголовно-исполнительной системы по области Абай...

Турнир по теннису ко Дню независимости объединил осуждённых в учреждении максимальной безопасности

В области Абай в учреждении максимальной безопасности состоялся турнир...

В учреждениисредней безопасности ДУИС по области Абай отметили День Независимости Республики Казахстан

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...