«Заң керуені» акциясын Петропавл қаласының пробация қызметі өткізді

2022 жылдың 19 қыркүйегінде Петропавлда облыс прокуратурасы мен СҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің пробация қызметі бөлімінің қызметкерлерінің қатысуымен «Заң керуені» акциясы өтті. Акция барысында пробация қызметінің есебінде тұрған және жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын қасақана бұзған, оларға сот жүктеген міндеттерді сақтамаған сотталғандарға тексеру жүргізілді.

Жәбірленушілерге өтемақы қорына төлемді уақтылы жүзеге асырмайтын сотталғандарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, прокуратура қызметкерлері есепке алынған тұлғалар тарапынан пробация қызметінің қызметкерлеріне және басқа да мемлекеттік органдарға шағымдардың, наразылықтардың болуын тексерді. Кездесу қорытындысы бойынша, облыстық прокуратура қызметкерлері сотталғандарға барлық қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

СҚО бойынша ҚАЖД
Петропавл қ. ПҚБ
инспекторы
әділет майоры М.Дюсенов

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі

Сотталған әйелдерге арналған тұлғалық даму тренингі олардың қайта әлеуметтенуіне,...