«Түнгі тексеріс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Маңғыстау облысы аумағында қыркүйек айының 10-15 күндері аралығында «Түнгі тексеріс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған шара барысында Маңғыстау бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметкерлері пробация есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексереді.

Шара барысында Түпқараған аудандық пробация  қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе отырып, тіркеудегі сотталған тұлғаларды мекен-жайы, аудан тұрғындары демалатын ойын-сауық кешендері бойынша кешкі және түнгі уақыт аралығында рейд жүргізді. Сотталғандар тұрғылықты мекен-жайларынан табылып, оларға құқық бұзушылықтар жасамау бойынша профилактикалық бағытта түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

— Бұл іс-шара бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалардың тарапынан болатын құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын-алу, қайталануын уақтылы анықтау, жолдарын кесу мақсатында өткізілуде. Тексеру барысында есепте тұрған Қызылөзен ауылының тұрғыны үйінде болмағаны анықталды. Оған ескерту беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, — дейді Түпқараған аудандық Пробация қызметі бөлімінің бастығы әділет капитаны Айхайбек Наков.

Тимур Турлов: «Мы — нация технооптимистов и предпринимателей»

Провёл прекрасное воскресенье в Алматы по дороге из Японии...

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі: құқықтық мәртебесі мен басымдылығы

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілінің құқықтық мәртебесі,...

ТӨРЕЛІК ЕТКЕН ТУРА БИ: МҰРАТ СҮЛЕЙМЕНҰЛЫНЫҢ ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ЖОЛЫ

Абыройлы доғарыстағы судья, сот саласының сыйлы ардагері Мұрат Жақыпбеков...

Кассациялық сот – маңызды реформа

Кассациялық сот – соттардың заңды дұрыс қолдануын тексеретін жоғарғы...