Елімізде ЖОО-лар жаңа мамандыққа қабылданатын студенттерге жатақхана беруге міндеттеледі

ЖОО-лар енді жаңа мамандыққа қабылданатын студенттерге жатақхана беруге міндеттеледі. Биылдан бастап жоғары оқу орындары жаңа мамандық ашу үшін оқуға қабылдайтын студенттерге жатақхана орнын қамтамасыз етуге міндеттеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында айтты. 

«Тағы да бір жүйелі шара бар. Енді лицензиялауға өтінім беретін жоғары оқу орындары, жеке меншік болсын, мемлекеттік болсын, кез келген жаңа мамандықты ашу үшін немесе жаңа лицензияны алу үшін міндетті шарт қойылады. 100 адамға лицензия өтінімін бере ме, онда сол 100 адамға жатақанхана орынын қамтамасыз етуі керек. Осы жылдан бастап заңнамалық түрде сондай шарттар енгізілді, шектеу қойылды», — деді министр.

Сондай-ақ ол 2026 жылға дейін елдегі студенттердің басым бөлігін жатақханамен қамтамасыз етілетінін атап өтті. 

«Бұл үлкен жүйелі мәселе. Мемлекет оны өз есебінен толыққанды шеше алмайды. Сондықтан Білім министрлігінің жанындағы қаржы орталығымен бірлесіп, жеке инвесторлармен, құрылыс компанияларымен, мердігерлер тікелей жұмыс істеп жатырмыз. Оларға арнайы алты жылдық шарттар береміз. Яғни, қаржы моделін ұсынамыз. Сол қаржы моделімен 2026 жылға дейін студенттердің 60-70 пайызын жатақханамен қамтамасыз етеміз. Ал 2029 жылға қарай 100 пайыз жабатын боламыз»,- деді Саясат Нұрбек.

Президент тапсырмасы: Үкімет Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жоспарын бекітті 

Жоспар азаматтар мен мемлекеттік аппаратқа, бизнес пен экономикаға бағытталған цифрлық трансформацияны қамтиды.

Ел аумағында бір тәулікте бес орман өрті тіркелді 

Орман алқаптарындағы өрт жағдайы әуе және жерүсті патрульдері арқылы тұрақты бақылауда.

Медтексеруден өтпесе, көлік жүргізу құқығы тоқтатылады: Жаңа тәртіп кімдерге қатысты? 

«Медициналық тексерусіз көлік жүргізуге болмайды»: 25 тамыздан бастап 65 жастан асқан жүргізушілерді не күтіп тұр?

Бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды 

Мамандар мұндай кезде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік көп жүретін жолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында ұзақ болмауға кеңес береді.

Курултай: выбор сделан

КАЗАХСТАН ВПЕРВЫЕ ИЗБРАЛ ДЕПУТАТОВ КУРУЛТАЯ. 23 АВГУСТА СТРАНА ГОЛОСОВАЛА ЗА НОВЫЙ ОДНОПАЛАТНЫЙ ПАРЛАМЕНТ, КОТОРЫЙ ПРИШЕЛ НА СМЕНУ ПРЕЖНЕЙ ДВУХПАЛАТНОЙ СИСТЕМЕ. В ВЫБОРАХ ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 9,35 МЛН ГРАЖДАН, А ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ ПЯТИПРОЦЕНТНЫЙ БАРЬЕР ПРЕОДОЛЕЛИ ПЯТЬ ИЗ СЕМИ ПАРТИЙ.