Жетісайлық полицейлер «Отбасы күніне» орай 3 жанұя мүшелерін қуантты

Мемлекет — отбасыдан басталады. Сондықтан ел Президенті, отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып, қыркүйек айының екiншi жексенбiсiн «Отбасы күні» деп белгілеген болатын. Осыған орай Жетісай аудандық полиция бөлімінің басшы құрамы игі іс-шара ұйымдастырды. Яғни полицейлер аз қамтылған, тұрмысы төмен 3 отбасыға қолдау көрсетті.

Атап өтсек, тәртіп сақшылары өз еріктерімен қаражаттарын жинақтап, арнайы қой сойып, оның етін және бірінші кезекте қажетті азық-түліктерді алып, таратты. Көмек алған отбасылардың тірегі болған жалғызбасты аналар, полицейлерге ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын берді. «Қолдау білдіріп, қайырымдылық жасап жатқан полицейлерге рақмет! Алла разы болсын! Жасаған жақсылықтары өздеріне еселеп қайта берсін!»-деп шынайы ризашылығын жеткізді. Халқымызда «Кең болсаң, кем болмайсың», деген даналық сөз бар. Ал Түркістан облысы полицейлерінің бойында адамның жанына қуат беріп, көңілін қуанышқа бөлейтін мейірімділік, қайырымдылық секілді асыл қасиеттер әркез табылады. Сондықтан жасөспірімдермен болатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, көмекке мұқтаж отбасы балаларына жүрек жылуын, ізгілік нұрын беру мақсатындағы мұндай шаралар тәртіп сақшылары тарапынан үнемі өткізіліп отырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі

Қазақ тілі – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан, ұлттық...

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТКІЗІЛДІ

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде...

ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ – ҰЛЫ ПАРЫЗ

5 қазан – Ұстаздар күні мерекесіне орай Қызылорда облысы...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРА

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғамның тұрақты дамуы...

Алқабилер құрамын жасақтаудың одан әрі жетілдіру мүмкіншіліктері

Сот төрелігін одан әрі жетілдіру, сот жүйесінің институционалдық тұрақтылығын...