12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ұлт ұстазы

Биыл еліміз ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өтуде.

«Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай және күшті болуымыз керек. Бай болуға күш керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» -деген Ахмет Байтұрсынұлы халқының білімді, бай болуын қалаған. Онымен қоса, елінің мәдениетінің деңгейін де көтеру үшін орасан зор қызмет атқарған. Әдебиеттану ғылымының негізін салушы, қазақ әліппесін жасаушы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әдбиеттану ғылымында алар орны ерекше. Қай еңбегін алып қарасақ та, «Қазақ!», «Тіл» -деп жаңғырып тұрғаны тайға таңба басқандай. Ол «Тіл-құрал», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», іспетті еңбектер мен түрлі хрестоматияларды жазған. Әдістемелік бұл құралдар әлі күнге дейін қазақ тілі білімі мен тіл оқыту әдістемесі саласындағы ғалымдардың қолданысына ие.

1913 жылы Ахмет Байтұрсынұлы Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлымен бірігіп, халық зиялылардың қолдауымен Орынборда тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарды. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Ахмет Байтұрсынұлы – әлеуметтік мәселелерге, қоғамдық ой- пікірлерге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді.

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі негізінде бірқатар еңбектер жазылған. Олардың кейбіреуі Елбасы кітапханасында да бар. Мысалға, Райхан Иманханбетованың « Ғасыр саңлағы: Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаяны» мен Амантай Ахметовтың «Рух Әміршісі» атты кітабы қазақ ағартушысының өміріндегі елеулі кезеңдерді баяндайды. 1988 жылдан бастап Қазақстандағы көптеген көше, мектептерге Байтұрсынұлы есімі берілді. Тіл білімі институты, Қостанай университеті
Байтұрсынұлы есімімен аталады. 1998 жылы Алматыда Ахмет Байтұрсынұлының мұражай-үйі мен ескерткіші ашылды. Өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған Ахмет Байтұрсынұлының халқы үшін еткен еңбегі, елі үшін еңсере жасаған қызметі қазақ әдебиетінде, жалпы қазақ елінің қалыптасу тарихында мәңгілік
қалмақ!

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы А. Муратова

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...