Елімізде ең төменгі жалақының көтерілуі кімдерге әсер етеді?

Қазақстанда 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (МВт) 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін көтеріледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге ең төменгі жалақыдан аз емес мөлшерде жалақы беруге міндетті. Соның арқасында 70 мың теңгеге дейінгі жалақысы бар 1,8 миллионға жуық қызметкердің ақшалай кірісі артады.

«Біріншіден, ең төменгі жалақының көтерілуі жалақысы төмен жұмысшыларға әсер етеді. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ең төменгі жалақы көрсеткішін пайдаланған жұмыс берушілер басқа санаттағы жұмысшылардың жалақысын қайта қарайтын болады», — делінген хабарламада.

Ведомство Мемлекет басшысы үкіметке ең төменгі жалақыны кезең-кезеңімен арттыруға мүмкіндік беретін жаңа әдістемені енгізуді тапсырғанын айтты.

Осы тапсырманы орындау мақсатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары динамикалық көзқарасқа негізделген және негізгі экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, ең төменгі жалақыны анықтау әдістемесін әзірлеуге кірісті.

Версия под сомнением

ОЧЕРЕДНОЕ ЗАСЕДАНИЕ ПО ДЕЛУ НУРАЙ СЕРИКБАЙ ПОСТАВИЛО НОВЫЕ ВОПРОСЫ: ПОЧЕМУ ПОДСУДИМЫЙ ИЗМЕНИЛ СВОИ ПОКАЗАНИЯ, ЧТО УВИДЕЛ ЕДИНСТВЕННЫЙ ОЧЕВИДЕЦ НАПАДЕНИЯ И ДЕЙСТВИТЕЛЬНО ЛИ ОБРАЩЕНИЯ СЕМЬИ В ПОЛИЦИЮ ОСТАЛИСЬ БЕЗ ДОЛЖНОЙ РЕАКЦИИ. ЭТИ ОБСТОЯТЕЛЬСТВА СТАЛИ ПРЕДМЕТОМ СУДЕБНОГО ИССЛЕДОВАНИЯ.

Мемлекет басшысы Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан Жасанды интеллект бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі.

20-дан астам стример заңсыз контент таратқаны үшін жауапқа тартылды – ІІМ 

Ведомство заң талаптары интернетте де, күнделікті өмірде де барлық азамат үшін бірдей міндетті екенін еске салды.

Жаңбыр, найзағай: 17 өңірде дауылды ескерту жарияланды 

Сонымен қатар елдің басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

«Сергек» енді самокатшыларды да бақылайды

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған электр самокаттарына бақылау күшейтіледі