12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шығыста «Есепте тұрған» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалармен қайталама қылмыс жасауының алдын алу және ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің жергілікті атқарушы органдармен және Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметімен өзара бірлескен іс-қимыл жасауын жақсарту бойынша 2022 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарының 6 тармағын орындау, сондай-ақ пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалардың жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын-алу бойынша полиция бөлімдерінің және пробация қызметтерінің өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мақсатында 2022 жылдың 31 тамызынан 05 қыркүйек аралығында өткізілетін «Есепте тұрған» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Атап айтқанда, Күршім аудандық №2 пробация қызметі бөлімінің есебінен 24 қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға соталғандар өткен, осы сотталғандардың тарапынан қайталама қылмыстың алдын алу мақсатында ШҚО ПД Күршім аудандық КПБ Марқакөл полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері учаскелік инспекторларымен бірлесіп сотталғандардың тұрғылықты мекен жайынан тексерілуде.
Аталған жедел-профилактикалық іс – шараның мақсаты-қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға бейім тәуекел тобына жататын адамдарды анықтау, пробация қызметі және полиция есебінде тұрған адамдарды тұрғылықты мекен-жайы және олардың тарапынан болған құқық бұзушылық және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау үшін «Web-интерфейс» дерек базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері, «Ақпараттық қызмет» ААЖ, «Бүркіт мемлекеттік органдар», «ҚҚжАО ААЖ» деректер базасы бойынша тексерулер жүргізу.
Сонымен қатар, Күршім аудандық №2 пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты мекен жайын тексеру және барысында, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға соталғандар тарапынан қандайда бір әкімшілік құқық бұзушылық немесе сотпен белгіленген міндеттерді бұзған жағдайда, пробация қызметі тарапынан сотталғандарға жаза қолданылады. Атап көрсеткенде, сотталғадардың қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларын, бас бостандығынан айыру жазасына немесе шартты сынақ мерзімін ұзартылады.

ШҚО бойынша ҚАЖД
Күршім аудандық №2 ПҚ-нің инспекторы
әділет аға лейтенанты А.Мұратбекқызы

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...

Суд вынес приговор по делу о мошенничестве

В суде №2 города Кызылорды рассмотрено уголовное дело в...