12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Өз жұмысына адал: болашақ қызметкер отбасын өрттен қалай құтқарғаны туралы

Бала шағында кез келген бала үстіне форма, иығына погон киюді армандаған шығар. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз әділет аға лейтенанты Нариман Серікұлы Акишев те осындай болған.

Нариман өз арманына жету жолын 2014 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында қызмет етуден бастады. 2016 жылы СҚО бойынша ҚАЖД тергеу изоляторының режим және күзет бөлімінің бақылаушысы лауазымына тағылымдамадан өтуші болып қабылданды, қазіргі уақытта Нариман Серікұлы мекеменің кезекші қызметінің тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісінің орынбасары болып табылады.

2019 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін «құқытану» мамандығы бойынша бітіруі, мансап сатысымен белсенді алға жылжуға мүмкіндік берді.

Өз қызметі барысында Нариман көптеген ерліктер жасады, олардың бірі отбасын өрттен құтқару. Сол кезде әскери нарядтың бастығы ефрейтор Нариман Акишев патрульдеу бағыты бойынша жүріп, тұрғын үйдің ауласынан түтін шыққанын байқаған. Бір минут та жоғалтпай, өрт сөндіру командасын және жедел жәрдемді шақыртып, Нариман Акишевтің басқаруындағы жасақ тұрғын үйге жүгіріп шығып, жанып жатқан пәтерден анасымен 6 жасар баланы және қарт әйелді эвакуациялады.

«Ойлануға уақыт болмады, біз түтінді байқап, айқайларды естігеннен кейін жанып жатқан пәтерге қарай бет алдық. Өрт балконда басталып, отбасы отырған  қонақ бөлмесіне тарады. Баланы анасы мен әжесімен бірге эвакуациялап, өрт сөндіру командасын күтпей-ақ өртті сөндіре бастадық. Бақытымызға орай, бәрі жақсы аяқталды, зардап шеккендер аз ғана қорқыныш алды. Мен мұны ерлік деп санамаймын, менің орнымда бәрі де солай істейтін еді. Халыққа қызмет ету-менің парызым», — дейді Нариман Акишев.

Сондай-ақ СҚО бойынша ҚАЖ Департаменті футбол командасының капитаны бола отырып, Нариман салауатты өмір салтының белсенді жақтаушысы, еркін күрестен 1-разрядқа ие. Мұқият ойластырылған стратегияның арқасында Департаменттің командасы Нариман Акишевтің басшылығымен футболдан ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің кубогы үшін чемпионатта бірінші орынға ие болды.

                                                                 № 66 мекемесінің КСБ бастығы

                                                             әділет капитаны

                                                             Айсенова Р.

«Заңды бұзудың түбі – темір тор»: сотталғанның ащы өкініші

Қызылорда облысында сотталған азамат ащы өкінішін айтты, – деп...

Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары...

Облыс прокуратурасының қызметкерлері жаза өтеудегі тұлғалармен кездесу өткізді

«Заң мен тәртіп» қағидаты және Қазақстан Республикасы Конституциясының 30-жылдық...

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне...