12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Полицейлер есірткі тасымалдап жүрген бұрын сотты болған ер адамды анықтады

Есірткі қылмысымен күресу мақсатында полиция қызметкерлері күнделікті жұмыстар атқарады.

Мәселен Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора-2022» профилактикалық шарасын жүргізу барысында, жергілікті тұрғынның есірткі сақтап жүргенін анықтады. Полицейлер күдіктіні тінту кезінде оның қол сөмкесінен жасыл түсті полиэтилен пакетке салынған 2 дана сіріңке қорабын тапты. Ішінде есірткіге ұқсас өсімдік жапырақтарын айғақты зат ретінде тәркілеп алды. Алынған затқа сараптама тағайындап, нәтижесінде ол «кептірілген марихуана» есірткісі болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеуге алды. Полицейлер күдіктінің бұған дейін де сотты болғанын анықтады. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Түркістан облысының полиция қызметкерлері азаматтарға есірткі заттарын сақтау мен заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Абайдың мұрасы – сарқылмас қазына

Абай XIX ғасырдың бірінші жартысының соңында қазіргі Шығыс Қазақстан...

Гранит чьей-то совести

АЛМАТЫ НА СЛАВИТСЯ ГОРЫ, УЮТНЫМИ СВОИМ ЖИВОПИСНЫМ УЛИЦАМИ И СТРЕМЛЕНИЕМ...

Суд вынес приговор по делу о мошенничестве

В суде №2 города Кызылорды рассмотрено уголовное дело в...