Ішкі істер саласына еңбегі сіңген ардагер төсбелгімен марапатталды

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ішкі істер органдарында 25 жыл абыройлы қызмет атқарған зейнеттегі Мұхтар Қалмұрзаевты полиция бөліміне арнайы шақырып, ел үшін жасаған адал еңбегі мен қызметі үшін алғыс білдірді.

Шара барысында полиция қызметкерлері ардагерге  сұрақтарын қойып, оның қызметтегі тәжірибесінен біраз мағлұмат алды. Сонымен қатар зейнеткер, жас қызметкерлерге өзінің өмірлік ақыл-кеңесін айтты. Қызметте адал, абыройлы қызмет жасау керектігі жайлы кеңес берді.               

Полиция полковнигі Ерғали Қарсыбаев жиын соңында зейнеткер Мұхтар Қалмұрзаевқа «Қазақстан Республикасы полициясына – 30 жыл» төсбелгісін табыстап, сый-сияпат жасады. Айта кетсек, ардагер бұған дейін 1994-1997 жылдар аралығында Шымкент қаласы АПБ-да әртүрлі лауазымда жұмыс жасаған. 1997 жылдан бастап Қазығұрт АПБ-да, оның ішінде 2012-2019 жылдар аралығында аға криминиалист лауазымында полиция майоры болып қызмет атқарып, абыроймен зейнетке шыққан.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...