Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА 155/4 ( әйелдер колониясы) мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты концерт өтті.
Аталмыш концерт ең басты саяси — құқықтық құжатқа арналған, еліміздің әнұранымен басталды, және де Конституция тарихы жайлы бейнеролик, соның ішінде ең басты құндылық адам, оның өмірі, құқығы және еркіндігі екендігі көрсетілді. Іс — шара барысында сотталған әйелдер өздері шығарған өлең жолдарын оқыды» Атамекен», » Жасыл Жайлау «, атты халықтық — патриоттық әндерді шырқады, сонымен қатар би студиясы көрермендерге » Қазақстан менің үйім » атты билерін ұсынды.
Концерттік бағдарлама кезінде залдағы атмосфера жылылық, жақсылық, әділеттілік және өзінің отанына деген патриоттық сезімді сездірді.
Осындай іс — шаралар бас бостандығынан айырылған әйелдерді түзелу жолына нық тұрып, тезірек бостандыққа шығып, қоғамға тез сіңісіп, өз елдерінің азаматшалары екендерін сездіріп түсіндіреді.