23 жылдан бері қызыл паспортпен жүрген 69 жастағы қарияға жаңа құжат табысталды

Шардара АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, үнемі көмек көрсетіп отырады.
Мәселен жуырда Шардара АПБ-нің қызметкерлерінен құрылған мобильдік топ халық арасында құжатсыз тұрғындарды анықтау жұмыстарын жүргізіп, 23 жылдан бері қызыл паспортпен жүрген ауыл тұрғынын анықтады. Яғни 69 жастағы қарияның құжат алмауына оның мүлде жақындары жоқ болғаны себеп болған. Қария отбасылық жағдайына байланысты ҚР-ның жеке куәлігін алмаған. Бұл жайтты анықтаған көші-қон полицейлері Шардара ауданының тұрғыны Берекет Тумаковты тез арада құжаттандырып, ҚР азаматының жеке куәлігін табыс етті. Сондай-ақ ақсақалға заңды түрде құжаттанудың аса маңызды екенін айтып, түсіндірді.

Берекет ата көші-қон қызметкерлеріне ақ батасын беріп, алғысын жаудырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Қарыздан құтылудың тиімді тетігі

Әрбір заң азаматтардың құқығы мен бостандығын әділ қорғау, халыққа...

Жаңа Конституция заң үстемдігін орнатады

Еліміздің жаңа Конституциясының жобасы бүкілхалықтық референдумда халықтың қолдауымен қабылданды....

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ…

Жақында Алматыда 8848 театры құрылып,  жаңа театр өнер әлеміне...

Қазақ тіліне деген құрмет әрқашанда маңызды болуы тиіс

Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі және елдің...

ОТ ФОРМАЛЬНОГО УЧАСТИЯ – К РЕАЛЬНОМУ ВЛИЯНИЮ

Общественный контроль в Казахстане в условиях конституционных преобразований последних...