12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әділет старшинасы: антыма адалдық таныту басты міндетім

Конституттция күні қарсаңында ЗК-169/1 тергеу изоляторының бірқатар қызметкерлері марапатталды.

Мекеме бастығының жедел және режим жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет капитаны Амирбек Азамат Қылмыстық атқару саласының үздігі медальімен ал, Режим және күзет бөлімінің бастығы, әділет майоры Сантай Әбсадықов, АКАӘПТЖБ-нің бастығығы, әділет капитаны Ардақ Тұрманов және Жедел бөлім бастығы әділет капитаны Мұхтаров Нұрлан мен аға жедел уәкіл,әділет капитаны Есжанов Құттыбек пен РжКБ- нің аға бақылаушысы әділет старшинасы Алтынай Тұяқбаева « Қазақстан полициясының 30 жыл» медалін кеуделеріне тағып, мерейі өсті.

Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет подполковнигі Ш.Есенкелдиевтің атынан қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғысқа ие болып, грамотамен марапатталынды .

Тәртіп пен қатаң талапты қажет ететін ҚАЖ қызметінде он бес жылға жуық тынымсыз қызмет атқарып келе жатқан қызметкерлердің еңбегі зор.

Тергеу изоляторының қауырт күн тәртібінде ерте келіп, кеш кетіп уақытпен санаспай еңбек етіп жүрген бұл жандар өз ісінің майталмандары.

Бірі қамаудағылардың бұрынғы қылмысын ашу немесе мекеме қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бойынша жедел іздестіру жұмыстарын жүргізсе, бірі қапастағылардың ішкі тәртібін қадағалап, енді бірі сотталғандарды тәрбиелеу бойынша жұмыстар атқарып келеді. Менің ішкі істер саласындағы еңбек өтіліме 16 жыл болыпты. Соның ішінде ЗК-169/1 тергеу изоляторында 2014 жылдан бері жұмыс жасап келемін.

Қатардағы бақылаушыдан аға бақылаушыға дейін өстім. Көпшілік жұрт мұнда нәзік жандыларға жұмыс жасау қиын деп ойлайды.

Бірақ, әйел заты қашанда қайратты, төзімді келеді. Мен де, жұмыстың қиындығына қарамай, осы мекемеде жұмыс жасағаныма тоғыз жылға жуықтап қалды.

Өзімнің еліміздің тыныштығын қорғау жолында еңбек етіп жүргенімді мақтан тұтамын.
Жұмысқа кірерде ант қабылдадым. Сондықтанда, антқа адалдық танытып, қиындықтарға қарсы төтеп беріп, еңбек етіп келемін.

Отанға қызмет етуді парызым деп есептеймін — дейді, әділет старшинасы А.Тұяқбаева

Түзеу мекемесінде сотталған азамат неке қиды

ҚР ІІМ ҚАЖ Департаментінің № 3 түзету мекемесінде ерекше...

День единства народа Казахстана

"1 мая" - в Казахстане и многих ”День единства...