СҚО-да іздеу жарияланған сотталған Көкшетауда ұсталды

Петропавл қ. пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен құқық бұзушылықтарды болдырмау және тәртіпті сақтау мақсатында тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Алайда, барлық қабылданған шараларға қарамастан, есепке алынған адамдар жазаны өтеу тәртібін қасақана бұзған, өздеріне жүктелген міндеттерді орындамаған, сондай-ақ пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайлар болады.

Осындайлардың бірі пробациялық бақылаудан жасырынған Петропавл қ. ПҚ есебінде тұрған сотталған Р. болып табылады. Пробация қызметінің ұсынысы бойынша СҚО Петропавл қалалық сотының қаулысы негізінде сотталған күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдана отырып іздестіруге жарияланды. Нәтижесінде сотталған Ақмола облысы Көкшетау қаласының жедел криминалистикалық басқармасының қызметкерлерімен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотталған Р. ҚР ҚК 188-бабының 1-бөлігінде көзделген бас бостандығын 1 жыл шектеу түріндегі жаза тағайындай отырып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылды. Петропавл қ. пробация қызметінің есебіне 25.05.2022 жылы қойылды.

Петропавл қ. ПҚБ инспекторы
әділет аға лейтенанты
Абаев Д.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...