ШҚО да жас қызметкерлер ант қабылдады

Шығыс — Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне қарасты мекемелерге қызметке қабылданған жас қызметкерлер Конституция күніне орай салтанатты түрде ант қабылдады.

Жаңадан тағайындалған 10 жуық қызметкер Отаны мен халқына адал қызмет етуге серт берді.

Ант қабылдау рәсімі ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің ғимаратының алдында орналасқан Халық Қаһарманы Ғазиз Байтасовтың монументінің алдында, Департамент қызметкерлерінің және ҚАЖ ардагерлерінің қатысуымен өтті.

Сонымен қатар, ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі, мамандардың өздеріне жүктелген міндеттерді адал атқаратындықтарына сеніммен қарап, халық алдында аянбай қызмет етуге өз тілегін білдірді. Ант қабылдау рәсімінде шақырылған ҚАЖ Ардагерлері де жаңа қабылданып отырған қызметкерлерді құттықтап өтті.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалып, рәсім жеке құрамның салтанатты маршымен аяқталды.

«Құқықтық тәртіп» пробация есебіндегі азаматтар тексерілуде

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық пробация қызметінің инспекторлары...

Мәслихат сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық мәдениеттің көрінісі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі азаматтардың ел өміріне белсенді...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі....

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және...