Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі мақсаты-еліміздің Конституциялық жүйесіне және Қазақстан азаматтарының құқықтарына нұқсан келтірмеу. Ең қауіптісі-сыбайлас жемқорлық  демократияның дамуына және қоғамға кері әсер ете отырып, заңға деген көзқарасты кері қалыптастырады.Сыбайлас жемқорлық заңсыз түрде ақша алу, қымбат зат немесе заңсыз көмек алу, лауазымдық жағдайды пайдаланып пайда табу сияқты жолдармен жасалады.

Сыбайлас жемқорлық  — заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Сыбайлас-жемқорлықтың ең қауіпті түрі-парақорлық. Парқорлық, жемқорлық – бұл өз мүддесін ғана ойлап, заңды айналып өтіп, материалдық және заңдылық артықшылықтарын иелену.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу  Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай қайсысын да қатты алаңдататыны мәлім. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптарының бірі демократияның дамуына және қоғамға кері әсер ете отырып, заңға деген көзқарасты кері қалыптастырады.

Жалпы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының нысанасы екі негізгі мақсатқа бағытталған: бірінші-кішкентай кезінен бастап, ұлттық дәстүрлерді ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру; екінші-мемлекеттік органдар қызметін қоғамдық бақылауды дамыту.    

Қоғамның қабілеттілігі, оның ішінде біздің жастарды бақылау, мемлекеттік шенеуніктердің жемқорлық әрекеттерін анықтау және болдырмау жергілікті мәселелерді зерттеудің арқасында  артады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін қоғамның барлық жігінің жүйелі түрдегі күш-жігері қажет.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының

бас маманы Ж.Дайрабай    

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...

Судья – сот жүйесіндегі басты тұлға

Құқықтық мемлекетте сот билігінің орны ерекше. Ал сол сот...

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...