Корпоративтік балық аулау

Мекеменің тиімді жұмыс атқаруы бүкіл ұжымның бірлігіне тікелей байланысты болады. Қызметкерлердің жұмыстан тыс уақыттарын дұрыс жоспарлау еңбек өнімділігіне оң әсер етеді, сондықтан табиғаттағы корпоративті іс-шаралар ұжымда достық атмосфераны қалыптастырудың тамаша нұсқасы болып табылады.

2022 жылғы 23 тамызда СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/6 мекемесі» РММ басшылығының қолдауымен «Каменное» көлінде жазғы балық аулау ұйымдастырылды. Балық аулау шеберлері, мекеменің бақылау қызметі бөлімінің қарауыл бастығы Александр Васильевич Омельченко және оның әріптесі Бахтияр Ержанұлы Садуақасов ең көп балық аулап, осы ұжымдық іс-шараның жеңімпаздары атанды.

Қатысқан қызметкерлер мекеме басшылығына тамаша демалыс, жағымды эмоциялар және достық қарым-қатынас үшін алғыс білдірді.

«Эмоциялар мен адреналиннің жоғарылауы бойынша балық аулау көптеген спорт түрлерін айналып өтеді. Сонымен қатар, ол жүйке жүйесін тыныштандырады, шыдамдылыққа үйретеді. Адамдар табиғатта суға тікелей жақын болған кезде өздерін жайбарақат сезінеді», — деп атап өтті мекеменің жеке құрам бойынша психологы.

СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/6 мекемесі» РММ

бақылаушылар қызметі бөлімінің бастығы

әділет майоры А.Файзулов

 

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...