12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысының еріктілері өте белсенді

Соңғы жылдары елімізде еріктілер белсенділігінің арта түскенін байқап жүрміз. Осы орайда еріктілердің көбейіп, қоғамға айтарлықтай үлесін қоса бастауына 2020 жылды елімізде еріктілер жылы деп жариялауымыз көп үлесін тигізген секілді. Бүгінде елімізде еріктілер жүйелі түрде жұмыс істеп, жыл өткен сайын қатарлары көбейіп, қоғамның барлық саласынан бой көрсетіп жүр. Осы орайда Алматы облысының еріктілері «Birgemiz: Bilim», «Birgemiz: Saylyq», «Birgemiz:Asyl Mura», «Birgemiz:Sabaqtastyq», «Birgemiz:Taza Alem», «Birgemiz:Ayala», «Birgemiz:Umit» секілді нақты бағыттарды айқындап алып, жүйелі түрде жұмыс істеп, аймақта өздерінің толығымен қалыптасып үлгергенін көрсетуде.

Атап өтер жайт, бағыттардың қай қайсысы да осал емес. Яғни еріктілердің айналысып жүрген, өз еріктерімен қамқорлықтарын көрсетіп, қоғамда жылы жүректі жандар бар екенін көрсететін шараларының әрқайсысының маңызы зор.

Мәселен «Birgemiz: Ayala» бағыты бойынша бүгігі күнге дейін 124-тен астам іс-шара жасалып, үйсіз жануарларды қорғауға және көмектесуге атсалысқан. Бұл бағт аясында қаңғыбас, үйсіз жануарлардың  қоршаған ортаға көп зияны бар екенін ескере отырып, оларды өз қамқорлықтарына алу арқылы айналаға зиянын азайтуға тырысуда.

Ал «Birgemiz:Asyl Mura» бағыты бойынша күнделікті қаламыздағы ескерткіштерді тазалау, тарихи-мәдени нысандарды сақтау көзделген. Осы орайда жыл басынан бері өңірде «Birgemiz: Asyl Mura» бағыты бойынша 68 рет акция ұйымдастырылып ескерткіштер мен маңызды нысандар еріктілердің аялы алақанын сезінген. Шыны керек осы уақытқа дейін ескерткіштердің басына құстардың саңғып кетуі немесе ескерткіштердің айналасын арам шөп басуы көпшіліктің назарын аударып, сыналып келсе, енді бүгінде бұл мәселені еріктілеріміз өз мойнына алып отыр.

Жаңа оқу жылы да жақындап қалды. Сондықтан бұл мәселеге де ерітілеріміз араласып, білім бағыты бойынша өздерінің қайырымдылық әрекеттерін көрсетуде. Мәселен Алматы облысы бойынша «Birgemiz: Bilim» бағыты бойынша халықтың әртүрлі топтарын сандық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылыққа оқытуда волонтерлік көмек көрсету жөніндегі қызмет бойынша жыл басынан бері 142 акция өткізіліп, талай адам алғыстарын жаударып отыр. Елімізде талай халық ақпараттық технологияның дамуына ілесе алмай келе жатқанын ескерсек, бұл бағыттың да маңызы зор! Және де «Birgemiz: Qamqor» бағыты бойынша жыл басынан бері 2 268 акция ұйымдастырылып, 10 820 аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға және жалғызбасты қарттарға көмек көрсетілгенін статистика кқрсетіп отыр.

Сондай ақ елімізде дімкәс жандар да еріктілердің қамқорлығында. Мәселен «Birgemiz: Saylyq» бағыты бойынша науқастар күтіміне көмек көрсету бойынша биылғы жылдың басынан бері 116 рет арнайы акция ұйымдастырылып, дәріханалардың жұмыс кестесі туралы ақпарат беру мақсатындағы «Онлайн дәріхана» акциясы аясында қаралы қаңтар оқиғасы кезінде 36 жалғызбасты қартқа олардың өздерінің қаражаты есебінен дәрі-дәрмектер жеткізіліп берілген. Шыны керек жыл басындағы еліміздің басына  түскен ауыр күндерде еріктілердің мұндай қамқорлығының маңызы зор болды деп айта аламыз.  

Сондай-ақ еріктілер жұмыс жүргізіп жатқан бағыттың бірі «Birgemiz: Sabaqtastyq» бағыты. Бүгінде еріктілер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі әлеуметтік қызмет көрсету бойынша – 189 рет акция өткізіпті. Балалар үйінің балалары әрқашан қоғам қолдауына зәру екенін ескерсек, еріктілердің бұл акцияларының да қоғам үшін өз орны бар.

Соңғы жылдары елімізде экологиялық жағдайдың ушығып, салада қордаланған мәселелер көбейгенін ескерсек, еліміздің экологиялық бағытына да бір қамқор қолдардың қажет екенін түсінеміз. Осы орайда «Birgemiz: Taza Alem» бағыты бойынша – қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету бойынша елімізде жыл басынан бері 328 рет акция ұйымдастырылып Алматы облысы бойынша талай мәселе шешімін тапқан. Атап өтер жайт еріктілердің әрекеті қоғамымыздың басқа да мүшелеріне үлгі болатыны анық.

Кейбір оқиғаларда адамдарды іздеуге де еріктілердің қосылуы өз жемісін беріп жатқанын көріп жатырмыз. «Birgemiz: Umit» бағыты бойынша жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысты бойынша – жыл басынан бері 589 акция өткізіліп, еріктілер көмегімен жүзеге асқан. Яңни төтенше жағдай кезінде қосымша көмек еріктілердің орны ерекше болып тұр. Сондықтан «Birgemiz: Umit» бағыты да халық көңілінен шығып келеді.

Елімізде жыл басының дүрбелеңмен басталғаны белгілі. Сондай сәттерде де қоғамға қамқорлығын көрсеткен еріктілер болды. Еріктілердің көмегімен облыс бойынша орнатылған блок-бекеттердегі 688 сарбазға ыстық тамақ таратылып, одан бөлек Талдықорған қаласының аумағында орналасқан блок-бекеттердегі 400-ден астам сарбаздарға еріктілердің ықпалымен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

 Жалпы әр бағыт бойынша мақсатты түрде жұмыс істеп жатқан Алматы облысы еріктілерінің ерекше белсенділігі байқалуда. Қазіргі таңда өңірдегі еріктілердің санын одан әрі арттыру мақсат етілуде. Бүгінде аймақта өңірлік фронт-офистердің қызметкерлері волонтерлерді көбірек тарту үшін белсенді үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Ерікті болуға ықылас танытып жатқандардың да қарасы көп. Бүгінде қандай жағдай болса да қиындықты бірге еңсеретін, халыққа көмек қолын созып, қамқорлықтарын аямайтын  еріктілер қызметі елімізде өз орны бар екенін күн өткен сайын дәлелдеуде. Қазіргі таңда облыс бойынша 8400 ерікті тіркелген. Волонтерлік ұйымдар саны –  100, ал жастар ісі жөніндегі комитет саны – 41, жастар үкіметтік емес ұйымдар саны – 85 ке жетіп отыр. Ал еріктілерге жүгінетін жедел желі арқылы мыңдаған қоңырау шалынып, сол қоңыраулардың негізінде сан алуан жұмыстар атқарылған. Санамалап айтар болсақ Алматы облысында жыл басынан бері 3824 –тен астам қайырымдылық акциясы ұйымдастырылыпты. Яғни көмекке зәрі азаматтарға еріктілер қызметі көрсетілген.

Негізі қайырымдылық қанында бар халқымызға ерікті болу қызметі жат емес. Сондықтан ел ішінде де ерікті болуға ұмытатындардың қатары көп. Демек алдағы уақытта олардың қатары арта түсері анық!

Ерзия Ерсұңқар

Pеспублика күні — тәуелсіздік пен бірліктің символы

Қазақстан Pеспубликасының күні – еліміздің тарихындағы ерекше  маңызға ие...

Защита детей от киберугроз

В современном мире интернет стал неотъемлемой частью жизни детей...

Еще одна победа

С двумя золотыми медалями и статусом двукратного победителя чемпионата...

Народный трибун, ученый, наставник

Вот уже пять лет нет с нами нашего наставника...

Институт следственных судей: история возникновения и развитие

В своем Послании народу Казахстана от 16.03.2022 года «Новый...