12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап, Жаңа Қазақстанды құру жолында ойларын ортаға салды. 3 күнге созылған «Ассамлбея жастарының» республикалық слеті Қонаев қаласында қорытындыланды. Мәжіліс депутаттары мен облыс басшылығы жастардың ел дамуын айқындайтын ұсыныс тілектерін тыңдады. Бірі – креативті идеялар платформасы жобасын ұсынса, енді бірі – жастардың көшбасшылық қабілетін шыңдау керектігін айтады. Ендігі мақсат – топтасқан жобаларды жүйелі жүзеге асыру.

«Ассамблея жастары» еріктілер ұйымында 6 мыңнан астам студент тіркелген.

«Республикалық челенджді ұсындық. «Өз көрікті жеріңді көрсет» және «Менторство» бойынша жобаны ұсындық. Жаңа жобалар, жаңа идеялар бойынша платформасын ұсындық, егер де қолдау тапса, Жаңа Қазақстанда біраз жоба іске асырылатын болады», – деді «Ассамблея жастарының» Алматы облысындағы төрағасы Руфина Усанова.

Еліміздің түрлі өңірінен келген белсенді жастар Жетісудің көрікті жерлерін аралады. Алматы облысы — тұмса табиғаттың өлкесі. Көлсай мен Қайыңды көлдері, Шарын шатқалы секілді мекендерге арнайы саяхаттады.

«Халық ассамблеясының негізгі тағы бір пайдасы бүкіл Қазақстан бойынша жаңа дос табуға болады, жаңа таныс табуға болады. Белестерді бағындыруға біз әлі де сенеміз және Жаңа Қазақстанды дамытуға өз үлесімізді қосамыз», – деді «Ассамблея жастарының» Алматы облысындағы мүшесі Данель Жарабаева.

«Ассамблея жастары» еріктілер ұйымы 2018 жылы Президент бастамасымен құрылған еді. Бүгінде оған республика бойынша 6 мыңнан астам студент тіркелген.

«Ассамблея жастары өзге ұлт өкілдерімен ғана жұмыс істейді деген түсінік бар. Ал негізі бағыты – елдегі жастар саясатының оң имиджін қалыптастыру. Тыңғылықты идеяларды іске асыру бағыты бойынша үлестерін қосып келе жатыр», – деді «Ассамблея жастарының» Қызылорда облысындағы мүшесі Айбек Дайрабай.

Еліміздің әр аймағынан жиналған еріктілер жиналысты әдеттегідей ғимаратта, ресми түрде емес, ашық аспан астында, су жағасында өткізуді ұйғарған. Еркін форматта ұйымдастырылған шараға әр қатысушы өзінің ұсыныс тілектерін бөлісті. Айта кетейік, бұл – Ассамблея жастарының республикалық деңгейде өткізіліп отырған алғашқы шарасы. Еліміздің әр аймағынан жиналған жастары алдағы уақытта мұндай басқосуда өткізуді дәстүрге айналдырмақ ниетте.  

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...