Тәжікстан қызметкерлеріне арналған өңірлік хаб тренингі

Душанбе қаласында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ұлттық жаттықтырушылары Тәжікстан Республикасының Құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлері үшін қаржы қылмыстарына және трансшекаралық адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша екі күндік оқыту тренингін өткізді.
Тренингтің жеке тақырыбы ұрланған активтерді қайтару, тәркілеу және қылмыс құрбандарына өтемақы төлеу бойынша Қазақстан мен шет елдердің оң тәжірибесін зерделеу болды.
Орталық Азия өңірі үшін оған Таяу Шығыстың географиялық елдеріндегі тұрақсыздыққа негізделген геосаяси жағдайға байланысты экстремизм мен терроризм, есірткінің заңсыз айналымы, адам саудасы, көші-қон, қаржылық, экологиялық және киберқылмыс сияқты қатерлерге қарсы күрес мәселелері ерекше өткір тұр.
Академия базасында шет елдер мен ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО) белсенді қолдауымен бес жылдан астам уақыт бойы жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық оқыту және зерттеу орталығы болып табылатын өңірлік хаб жұмыс істейді.
Өңірлік хаб өз жұмысында Орталық Азия мемлекеттеріне қазіргі заманғы әлемге, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін қатерлерге қарсы күресте кадрлық және ғылыми әлеуетті арттыруға көмек көрсетеді.
Оның алаңында жыл сайын бір жарым мыңнан астам практик, оның ішінде жақын және алыс шетелдерден өз біліктіліктерін арттырады. 20-дан астам елдің (Австрия, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Литва, Молдова, Норвегия, Румыния, АҚШ, Эстония, ТМД және т.б.) жаттықтырушылары мен сарапшылары оларға қылмысқа қарсы тұрудың озық әдістерін үйретеді.

Құқық қорғау органдары академиясының Баспасөз қызметі

«Құқықтық тәртіп» пробация есебіндегі азаматтар тексерілуде

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық пробация қызметінің инспекторлары...

Мәслихат сайлауы – азаматтық жауапкершілік пен демократиялық мәдениеттің көрінісі

Қоғамның дамуы мен мемлекеттің өркендеуі азаматтардың ел өміріне белсенді...

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТӨЗБЕУШІЛІК – ӘР АЗАМАТТЫҢ ҰСТАНЫМЫ

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі....

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына, экономикалық өсіміне және...

Алаяқтардан сақ болайық!

Қазіргі қоғамда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы азаматтарға көптеген мүмкіндіктермен...