2023 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшері белгіленді

«2023 –2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын Қаржы министрлігі дайындады. Құжат «Ашық НҚА» ресми порталында жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобаға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • жалақының ең төменгі мөлшері — 60 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 21 907 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері — 53 076 теңге;
  • Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш — 3 450 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 40 567 теңге.

Бұдан басқа, құжатқа сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат оның мөлшерінің 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 10,5 пайызға артуын ескере отырып белгіленеді.

Сондай-ақ, ӘМСҚ-ға төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,8 пайызына тең.

Заң жобасы сайтта жария талқылау үшін 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін орналастырылған.

«Сергек» енді самокатшыларды да бақылайды

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған электр самокаттарына бақылау күшейтіледі

Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты 

Жасыбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге ұлттық парк пен ТЖД күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қосымша мамандар мен Ми-8 тікұшағы жіберілді.

Мектепте бағалау жүйесі өзгереді: Оқушылардың білімі енді қалай бағаланады? 

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі өзгереді. Бұдан былай 1-4-сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді.

Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027...