12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Есептегі азаматтар мұражайға барды

Қызылорда қалалық пробация қызметі мен «Жігер» мүгедектер қоғамдық қоры бірлесіп пробация есебіндегі азаматтарды тарихи өлкетану мұражайына алып барды.
Азаматтардың рухани байлығын арттырып, мәдени көзқарасын қалыптастыру мақсатында өткізілген экскурсияға 20-ға жуық сотталған барды. Сондай-ақ кейбір азаматтар балаларын да алып барған. Мұражай қызметкері әрбір құнды экспонаттар орналасқан зал бойынша мол мағұлмат беріп, жәдігерлермен таныстырып, олардың тарихын айтып берді.

Есептегі азаматтардың балалары да мұражай қызметкері айтқан әңгімелерді үлкен қызығушылық тыңдап, сұрақтарын да қойды. Халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани орыннан тамаша әсер алған сотталған азамат мекеме әкімшілігіне алғысын айтты.
«Есептегі азаматтармен спорттық-мәдени шаралар жиі өткізіліп тұрады. Пробациялық бақылаудағы азаматтардың қайта қылмысқа жол бермеу үшін профилактикалық жұмыстар жүргізіп, олардың қоғамға тез сіңісіп кетуіне ықпал жасаймыз»,-деді әділет капитаны Жадыра Исмайлова.

В Алматинской области и области Жетісу 74 осужденным предоставлена отсрочка отбывания наказания

В Департаменте уголовно-исполнительной системы по Алматинской области и области...

У истоков. Колледж, где дают второй шанс

Есть люди, которые не просто работают — они становятся...

ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДАҒЫ СОТТАЛҒАНДАР РЕСПУБЛИКА КҮНІН ЕРЕКШЕ АТАП ӨТТІ

25 қазан – Республика күнін Алматы қаласындағы Тергеу изоляторындағы...

Республика күні: №14 мекемесінде гимн шырқалып, спорттық сайыстар өтті

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №14...