12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылорда станциясындағы Желілік полиция бөлімінде Қазақстан халқы тілдері күні атап өтілді

2022 жылдың 24-ші тамыз күні Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімі ұлт ұстазы А. Байтұрсынұлының 150 жылдығына және 5 қыркүйек Қазақстан халқының тілдері мерекесіне орай ақпараттық сағат ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының оқу-әдістемелік бөлім басшысы Ж.Ерекешова арнайы шақырылды. Бөлім қызметкерлері алдымен Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы, тілдерді қолдану мен дамытуға арналған 2020-2025 мемлекеттік бағдарламасымен танысты. Қызылорда облысының үш тілде оқытатын орталығының мақсаты, атқарып жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді. Тіл білімінің негізін қалаған ғалым, реформатор ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының еңбегі, Қызылорда қаласындағы еңбек жолы туралы айтылды. Қазақ әліпбиін қалыптастырған ғалым, аудармашы композитор, заңгер екенін де атап өтті. Мұстафа Шоқаймен бір мақсатта күш біріктіріп «Алаш» үшін қиын тағдырларды бастан кешкен күрескер келбетін таныстырды. А. Байтұрсынұлының мерейтойына арнап түсірілген «Ахмет – ұлт ұстазы» телехикаясын көруді ұсынып, фильмдегі өзекті мәселелер қамтылған бөлімдері туралы таныстырды. Сөз соңында Ж.Ерекешова қызметкерлердің білімдерін тереңдету мақсатында орталық арқылы ұйымдастырылатын оқу курстарына шақырып, қызметкерлердің еңбегіне абырой тіледі.

          

Человек труда достоин уважения

СОСТОЯЛСЯ XXVII СЪЕЗД ФЕДЕРАЦИИ ПРОФСОЮЗОВ РК, В КОТОРОМ ПРИНЯЛИ...

Афганская «дорожная карта»

В РАМКАХ ВИЗИТА В АФГАНИСТАН ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА – МИНИСТР...

О гендерном балансе на рабочем месте

ПРОБЛЕМА ПСИХОЛОГИЧЕСКОГО КЛИМАТА В ТРУДОВОМ КОЛЛЕКТИВЕ ТЕМА НЕ НОВАЯ,...

Вклад деловых женщин

В республике повсеместно проводятся мероприятия и акции в поддержку...

На страже порядка 

В последние годы в нашем обществе все более актуальными...