Жақында электрсамокаттар автомобильдерге теңестіріледі

Жақында электрсамокаттар автомобильдерге теңестіріледі. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, жаңа норма стандарттары әзірленген. Ол бекітілгеннен кейін жол жүру ережесіне өзгерістер енгізіледі. Электрсамокаттарға қатысты заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.

«Заңнамалық деңгейде электрсамокаттардың көлік құралы ретіндегі мәртебесін анықтау қажеттілігі туындады. Тиісінше, электрсамокат тебетіндер жол қозғалысына қатысушылар ретінде анықталып, құқықтар да, міндеттер де қарастырылады.

Қазір стандарт әзірленді, болашақта жол ережесіне өзгерістер енгізіледі. Олар енгізілген бойда бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де әсер етеді», — деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Баянауыл ұлттық паркінде орман өрті шықты 

Жасыбай орманшылығында шыққан өртті сөндіруге ұлттық парк пен ТЖД күштері жұмылдырылды. Оқиға орнына қосымша мамандар мен Ми-8 тікұшағы жіберілді.

Мектепте бағалау жүйесі өзгереді: Оқушылардың білімі енді қалай бағаланады? 

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау жүйесі өзгереді. Бұдан былай 1-4-сыныптарда бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізілмейді.

Жаңа оқу жылының күнтізбесі: Оқушылар қанша күн демалады?

Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027...

Мектеп формасына қатысты маңызды мәлімдеме жарияланды

Мектеп формасын белгілі бір дүкеннен сатып алуға ешкім мәжбүрлей...