12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Ата Заң — қастерлі құжат

Кез келген мемлекеттің тәуелсіз екендігін паш ететін басты құжат — Конституция. Конституцияда мемлекеттің құқықтық мәртебесі, биліктің барлық тармағы, ел азаматтарының мақсаттары, міндеттері мен құқықтары көрсетіледі.

Біздің елдің де өз ерекшеліктерін қамти отырып қабылданған конституциясы бар. Ата жолын нық ұстанған қазақ елі мемлекеттің бас құжатына «Ата Заң» деп айдар таққан.

Тарихқа зер салсақ, ұлан ғайыр сахара төсінде салтанат құрған ата-бабамыз салт-дәстүрді заң ретінде қабылдап, оны мемлекет арқылы қорғаған. Түрік қағанаты тұсында Төре заңы болса, ел аумағына ислам дінінің таралуымен діни жоралғылар қосылып шариғатпен толықты. Моңғол-татар басқыншылығы әсерінің әйелі Яса заңдар жинағының қағидаттары да осы жерде жаңадан құрылған Ақ орданың негізгі конституциясы болды. Осы Ясадан бастау алатын Қасқа жол, Ескі жол, Жеті жарғы деп аталынған әр хан тұсындағы мизамдар да қазақ елінің ежелден-ақ құқықтық мемлекет болғандығын нықтай түседі. ХХ ғасырдың басында елде кеңестер билігі орнаған шақта 1926 жылы Қазақ АКСР-нің, 1937, 1978 жылдары Қазақ КСР-нің жаңа мәтіндегі конституциялары қабылданды.

1991 жылы ел тәуелсіздігін қайта қолына алған тұста егемендіктің символы ретінде жаңадан басты заңды өмірге әкелу жоспары тұрды. Алдымен 1993 жылы тәуелсіз елдің алғашқы конституциясы қабылданса, заман талабына сай осыдан 27 жыл бұрын 30 тамызда қазіргі қолданыстағы Ата Заңымыз өз әрекетін бастады.

Тарихи дамуы осылай өрбіген Ата Заңымыз — мемлекеттің өсіп-өркендеп, қарыштап дамуына тікелей ықпал ететын мызғымас темірқазық. Сондықтан да, 30-тамыз — елдігіміздің ең киелісі — Конституция күні ерекше қастерлі. Даңқты бабамыз Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмас, Тәртіпке бас иген құл болмас» деген қанатты сөзінен-ақ елдің дамуы заңдылықтың болуында екендігін көрсетеді.

Темірдей болса да тәртіп пен қағиданың замана көшіне сай иілетіндігі ақиқат. Сондықтан биылғы 5 маусымда Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жалпыхалықтық референдум өткізіп, нәтижесінде Ата Заңымыздың 33 бабына 56 өзгеріс енгізілді. Құқықтық жағынан алғанда негізігі өзгеріс — Конституциялық Сот ұғымы болды. Азаматтарымыздың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын тікелей қорғайтын орган болғандықтан Қазақстан Республикасы нормативтік құықтық актілерінің Республика Конституциясына сәйкестігін қарау басты міндеті болып табылады.  Осыған дейін Қазақстандағы түрлі құқық нормаларын  Конституциялық кеңес түсіндіріп келді. Алайда, азаматтар осындай түсініктеме алу үшін бұл органға тікелей жүгіне алмайтын. Ендігі жерде Конституциялық сотқа азаматтар да, ҚР Бас прокуроры мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл де тікелей жүгіне алады.

Сонымен қатар супер президенттіктен парламенттік республикаға айналуға, заң шығару органдарын жетілдіру, жергілікті өзін-өзі басқару сынды бірқатар өзгерістер де енгізілді.

Жалпы Конституциямыз бен уақыт талабына сай оған енгізілген өзгерістер не толықтырулар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының даңғыл жолына түскендігін, тәуелсіз еліміздің болашағының жарқын, ұстанған бағытының кемел екендігін көрсетеді. Біздің Негізгі Заңымызда табысты даму үшін де, Ұлттың өзді-өзінен жаңаруы үшін де барлық құқықтық құралдар бар. Сондықтан өз-өзімізге қояр басты талап — Ата Заңымыз, Конституцияны құрметтеп, қорғау, ал оның маңыздылығын жоғалтпай сақтау. Түптеп келгенде, Конституцияны қастерлеу — әрбір отандасымыздың қасиетті парызы. Сол арқылы Мәңгілік Елдің тұғырын нығайтып, шаңырағын биіктете түсеміз.

Бақытбек Елшібеков

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының төрағасы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...