Сауран ауданында 52 сотталған есепте тұрады. Есепте тұрған сотталған азаматтардың сұранысы бойынша тенистен турнир өтті.
Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты Сауран ауданы Икан ауылы Юлдаш Муталип спорт кешенинде аудандық пробация қызметі мен Иқан ауылдық әкімдігі мен спорт және мсәдениет бөлімімен бірлесіп тенистен спорттық жарыс өтті. Аталған шараға Пробация қызметінің есебінде тұратын он беске жуық сотталған азамат қатысты.
Шараның негізгі мақсаты, салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады. Қылмыс пен құқықбұзушылыққа жол бермеу болып табылады. Бұл ұйымдастырылған шара адам өмірінің басты құндылығын қалыптастыру, денсаулығын жақсарту, ынтымақ пен бірлікті арттыруға негізделген. Сондай-ақ, Пробация қызмсетінің есебінде тұрған жастардың қоғамнан шеттеп қалмауына ықпал етеді.
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Ата-бабамыз «Тәні саудың-жаны сау»-деп бекер айтпаған. Салауатты өмір сүру дегеніміз-тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану. Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмаймыз, себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңда қоғамдағы жат қылықтар жастарға кері әсерін тигізуде. Жастар арасында темекіге, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та өршіп бара жатқандай. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастарды болашақтың тірегі болатын, денсаулығы мықты азамат ретінде қалыптастыру керек. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Спорт — барлық тәрбие атауының бір саласы. Оның түп негізі-қозғалыссыз тіршілік болмақ емес. Спорт жаттығуларын жүйеге түсіріп белсенді бір мақсатқа бағыттаса, оның берері көп. Бірінші байлық-денсаулық деген, ал сол денсаулықтың кепілі спорт. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өмірге қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласы жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің ауданда жағдай жасалған. Спорттың барлық түрімен айналысуға болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық, — деді Сауран аудандық пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты Қайсарбек Серманов.
Спорттық сайыс соңында қатысушыларға «Үздік қатысушы» номинациясы табыс етілді. Ал, жеңімпаздар жүлделі орындарды иеленіп, алғыс хат, грамота, дипломмен марапаталды. Пробация есебінде тұрған жастар алдағы уақытта осындай шаралар ұйымдасытырлса қатысуға ниет білдіріп отыр.
Раушан НАРБЕК
Түркістан облысы