12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада сотталған азаматтар Шәмші Қалдаяқовтың әндерін домбырамен орындады

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде психолог маманның ұйымдастыруымен сотталғандар арасында музыка терапиясы өтті. Іс-шараның мақсаты – жазасын өтеушілердің бірі-бірімен қарым қатынасын арттыру, музыка терапиясы арқылы жүйке жүйесінің шаршауы мен қажуын және көңіл-күйін ретке келтіру. Музыка терапиясы әр қазақ жүрегінің төрінен орын алған Қазақстанның халық әртісі, аса көрнекті сазгер, ән әлемінің патшасы, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнімен ашылды. Одан соң мекеме психологы Ақгүл Аманова композитордың өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

Музыка терапиясына белсене қатысқан сотталғандар Шәмші Қалдаяқовтың әнін домыбармен керемет орындаса, бірі саз сырнаймен сүйемелдеп тамылжыта орындады. Р есімді сотталған сазгердің суретін майлы бояумен салды. Осылайша музыка терапиясынан керемет әсер алған сотталғандар психолог маманға алғысын айтып, алдағы уақытта да осындай шараларға қатысуға ниеттерін білдірді.

«Бүгінгі шараға белсене қатысқаным үшін марапатталдым. Қазақ халқының ұлы сазгері Шәмші Қалдаяқовтың суретін салып, сазсырнайда әнін айттым. Оның әндері жанға кірерлік, құлаққа жағымды. Өз басым оның әндерін сүйіп тыңдаймын, мысалы, “Ана туралы жыр”, “Жан құрбым”, “Кешікпей келем деп ең” әндері.Бала күнімнен сурет салып, ән айтатыным бар еді. Осы шарада бар өнерімді көрсеттім. Отбасымыздан жырақта жүрсекте көңіліміз бір көтеріліп қалды »,- деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Семейде сотталғандар өз қолдарымен Бәйтерек макетін жасады

Бәйтерек-Қазақстан астанасының басты символы. Мәселен, осы Астана күнің мерекелеу...

Состоялась торжественная церемония бракосочетания между осуждённым

В учреждении №64 Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел...

Осуждённым разъяснены положения амнистии

В подведомственных учреждениях Департамента по уголовно-исполнительной системе по городу...

Департамента УИС по городу Астана исполнили кюй «Сарыарка»

В честь Национального дня домбры сотрудники подведомственных учреждений Департамента...

№2 мекемесінің аумағында сенбілік өткізілді

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес және ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінің...