Жетісайлық полицейлер жол жүру ережелері бойынша жиналыс өткізді

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жолда жүру ережесі бойынша тұрғындарға тұрақты түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Осы тұрғыда Төтенше жағдайлар және Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен де арнайы кездесу өткізіп, жолда жүру ережелерін толық таныстырды. Шараның басты мақсаты — жолдағы қайғылы жайдайлар жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыратыны және жүргізушілер мен мас күйінде көлік басқаратындардың кесірінен орын алатын жайларды болдырмау. Жиынға қатысқандар өздерінің ойлары мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Сонымен қатар ауданда жол-көлік оқиғалары мен түрлі құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және алдын алу мақсатында Жетісай қаласының орталық М.Әуезов, С.Қожанов, А.Яссауи көшелеріне сандық форматтағы жаңа бейнекамералар орнатылды. Бұдан бөлек «Сергек» камералары Жетісай қаласының ішкі және сыртқы маңызы бар, қауіпті жол- көлік оқиғалары жиі орын алатын көшелерге алдағы уақытта қойылатындығын айтты.
Айта кететін жайт, Жетісай АПБ-нің қызметкерлері жолда жүру ережелерін сақтауы үшін әр жұма-сенбі күндері аудан бойынша рейдтік тексеріс жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Полицейлер жол көлік оқиғасын болдырмау үшін көлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

За два года в Казахстане модернизируют 124 железнодорожных вокзала: уже обновлены 36 объектов

В рамках реализации задач, поставленных Главой государства по развитию...

Твой голос — твои правила: почему референдум-2026 станет главным экзаменом для нового поколения

Политобозреватель Газиз Абишев в ходе экспертной платформы КИСИ «Конституционная...

Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінде «Archive Exhibition 2023–2026» көрмесі...

Ұлттық орталық музейде Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Қазақстан Республикасының Ұлттық орталық музейінде көрнекті қазақстандық суретші, ауқымды...