Алматыда ҮАААЖ тасжолы қашан ашылады?

Түрік-корей консорциумы — «ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар» ЖШС Алматы тасжолының құрылысы аяқталып, Үлкен Алматы айналма автожолы (ҮАААЖ) бойынша автомобиль қозғалысы қашан ашылатынын хабарлады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, бекітілген кестеге сәйкес, ҮАААЖ құрылысы 2024 жылдың аяғында аяқталады деп күтіледі.

«Құрылыс жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтау жоспарда бар, бірақ бұл мәселе жол жамылғысының құрылысында маңызды рөл атқаратын ауа райы жағдайына байланысты. Бүгінде жұмыс 75 пайызға аяқталған. ҮАААЖ құрылысы жұмыстары аяқталғаннан кейін қозғалыс ашылады», — деді «ҮАААЖ Инвестициялар және операциялар» өкілдері.

ҮАААЖ жобасы аясында Алматы-Бішкек, Алматы-Шамалған, Комсомол-Жапек батыр, Алматы-Қонаев, Алматы-Есік, Алматы-Талғар автомобиль жолдарымен қиылыстарда екі деңгейдегі 6 жолайрық және ҮАААЖ-дың Алматы-Қаскелең автожолымен (Жандосов көшесі) түйіскен жерінде бір айналма жол салынып жатыр.

«Көрсетілген жолайрықтардың ішінде Алматы-Қаскелең айналма жолында, сондай-ақ екі деңгейлі үш жолайрықта: Алматы-Қонаев, Алматы-Есік, Алматы-Талғар жолайрығында асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, екі деңгейлі үш жолайрықта: Алматы-Қонаев, Алматы-Есік, Алматы-Талғар. Қалған үш — Алматы-Бішкек, Алматы-Шамалған, Комсомол-Жәпек батыр жолайрығында жол өткелдерін салу жұмыстары толығымен аяқталды, енді жол өтпелерін ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деп қосты бас мердігер.

ҮАААЖ. Сурет Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жол комитетінен алынған

Үлкен Алматы айналма автожолының ұзындығы 66 шақырым болады.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр 

Астанада Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Алатау қаласының ерекше мәртебесі туралы» конституциялық заң жобасы екінші оқылымда қаралады.

Енді несие алу қиындайды: Кімдерге ақша берілмейді? 

1 шілдеден бастап Қазақстанда несие беру ережелері өзгереді.

Жұмыссыздарға ақша төленеді: Өтінішті қалай беруге болады? 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтар жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің тәртібі мен талаптарын түсіндірді.