Маңғыстауда пробация қызметкерлері іздеуде жүрген сотталғанды ұстады

Ақтау қалалық Пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған қала тұрғыны тіркеуге уақтылы келмей жалтарып жүрген. Айталық, бас бостандығын шектеу жазасына сотталған 42 жасар ер адам Жаңаөзен қалалық сотымен ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігімен 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Кейін соттың қаулысымен өтелмеген жаза мерзімі жеңіл жаза түріне, яғни бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. Пробация қызметіне ағымдағы жылдың ақпан айында есепке алынып, кейін мамыр айынан бастап тіркеуге уақтылы келмеген. Ақтау қалалық пробация қызметі Ақтау қалалық сотына іздеу жариялау туралы ұсыныс жолданып, сотпен қанағаттандырылды.

Пробация қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында іздеуде жүрген сотталғанның қайда екенін анықтады. Ер адам Жаңаөзен қаласынан 185 шақырым жерде орналасқан Қарақия ауданына қарасты мал шаруашылығында жүрген жерінен ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жабылды. Ары қарай Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің тергеу изоляторына жіберілді.  Сотталғанға қатысты Ақтау қалалық сотына өтелмеген жаза мерзімін бас бостандығын айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолданды.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...