12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылау мақсатында электронды бақылау құралы тағылды

Жаңаөзен қалалық Пробация қызметінің есебінде 195 тұлға тұрады. Сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылау мақсатында электронды бақылау құралы, яғни 11-іне білезік тағылды. Есептегі тұлғалар күнделікті істерімен шектеусіз айналыса береді. Оған жазаның бүкіл мерзімі ішінде тағылатын білезік қайталанған қылмыс жасаудың және қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алуға бағытталған. Электронды білезік GSM/GPRS арнасы арқылы радиобелгі береді және ғаламдық позициялау жүйесі арқылы адамның қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Білезікті тағу кезінде әр сотталғанға жеке түсіндіріліп, құрылғыны күтіп ұстау, уақтылы қуат көзін толтыру, техникалық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау, сонымен қатар жұмыстан тыс уақытта тұрғылықты мекен-жайын тастап кетпеу жөнінде профилактикалық сұхбат жүргізілді.

Соған қарамастан аз ғана мерзімнің ішінде электронды бақылау құралының көмегімен 2 сотталған түнгі уақытта үйінен шығып кеткендігі анықталды. Пробация қызметкерлері тәртіп бұзғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту берді.

— Егер сотталған адам белгіленген шектеулерді бұзса немесе білезікті зақымдауға тырысса, бұзушылық туралы белгі дереу түседі. Белгіленген тыйым салуларды бұзу, электрондық бақылау құралдарын қолданудан бас тарту немесе жабдықты бүлдіру анықталған кезде Пробация қызметі бас бостандығынан айыруға жазаның түрін өзгерту туралы мәселені қарау үшін материалдарды сотқа жіберілетін болады, — дейді Жаңаөзен қалалық Пробация қызметі бастығының м.а. әділет аға лейтенанты Қуаныш Сәрсенбай.

Оның айтуынша, есепке алынған адамдарды қашықтықтан бақылау құралдары сотталғандардың қайта қылмыс жасау тәуекелдерін барынша азайтуға және пробация қызметінің бақылау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...