Түркістандық полицейлер алтын бұйым ұрлаған күдікті әйелді қолға түсірді

Түркістан ҚПБ-ға алтын бұйымдарды сатумен айналысатын сатушы әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның сатылымда тұрған алтын білезігін жымқырып кеткен. Келтірілген шығын 250 000 теңгеге жуық. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық» бойынша тіркелді.

Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізді. Куәлардан жауаптар алынып, ғимараттағы барлық бейнекамералар жіті қаралды. Нәтижесінде түркістандық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықтап, полиция басқармасына жеткізді.

Анықталғандай, күдікті жас әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында, сатушының байқамай тұрған сәтін пайдаланып, алтын бұйымды жымқырған. Бүгінде полицейлер айғақты зат ретінде күдіктіден ұрланған алтын әшекейлерді тауып, заңды иесіне қайтарды.

Түркістан облысы полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: үй-жайларыңызға, жеке ғимараттарыңыз бен нысандарға мықты құлып орнатып, бейнекамералармен жабдықтаңыздар. Сондай-ақ аулаларыңызды жарықтандырып, есік-терезелеріңізге темір тор жасатыңыздар. Егер де, сіз, осы секілді ұрлық жайтының құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарлаңыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ЖСДП мемлекеттік шығыстарды барынша ашық етуді ұсынды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Орталық аппаратының жетекшісі Мақсұт Насибулов Астанада...

«Будучи в Парламенте, они долго блокировали прогрессивные налоги на роскошь или сверхприбыли – члены ОДСП высказались об Ак Жол

Руководитель Центрального аппарата Общенациональная социал-демократическая партия Максут Насибулов выступил...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕЗЕҢ: ТАРИХШЫ МЕН ЗАҢГЕР КӨЗҚАРАСЫ

2026 жылғы 1 шілде – Қазақстанның конституциялық даму тарихындағы...

КОНСТИТУЦИЯ – ҰЛТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІЛІК ДӘСТҮРІНІҢ АЙНАСЫ

2026 жылғы 1 шілде Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында жаңа кезеңнің...

РОЛЬ СУДА ПО ДЕЛАМ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИХ В ЗАЩИТЕ ПРАВ ДЕТЕЙ

Защита прав и законных интересов несовершеннолетних является одной из...