12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қызылордада мекемеге жаңадан қабылданған сотталғандармен сурет салу арт терапиясы өтті

Қызылорда қаласындағы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесінің психологы А.Аманова мекемеге жаңадан қабылдаған, сұрыптау бөліміндегі сотталғандарды(карантин)қабылдап, сурет салу арт терапиясын жүргізді. Шараның мақсаты сотталғандардың әлеуметтік ортаға бейімделуін, күйзеліс жағдайларын жеңуге, жеке тұлғалық қарым-қатынас орнатуға психологиялық көмек беру.

Түзеу мекемесіне жаза мерзімін өтеуге келген әрбір сотталғанға психологиялық тұрғыдан көмек көрсетеміз. Олардың жа¬ғы쬬сыз мінез-құлыққа жол бер¬меу¬ле¬ріне, қоғамға, айна¬лаға көз¬қарасын жақсартуға ықпал жасаймыз. Темір торға тоғытылған азамат бірден депресиялық күйзеліске түсіп кетпеуі үшін психологиялық моральдық көмек көрсетеміз. Бүгінгі сурет салу терапиясы барысында мекемеге жаңадан қабылданған алты сотталған азамат психологиялық жаттығулар жасап, әртүрлі сұрақ-жауаптарға қатысты. Пікір алмасу кезеңдері бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізіп, мінез-құлқын анықтадық»,- деді психолог маман Ақгүл Аманова.

Отбасымдағы жанжалдың кесірінен ішімдік ішіп, көлік жүргіздім. Қандай жағдай болсада сабырлы болып, ақылмен шешу керек екендігін айтар едім. Заңды белшесінен басып, масаң күйде көлікті басқарғаным өз қателегімнен. Маған бұл үлкен сабақ болды, бостандықтың қадірін түсінбедім,қандай жағдай болсын заң талаптарын сақтау керек деп есептеймін. Менің қателігімді басқа адам қайталамаса екен , масаң күйде көлік тізгінін басқару өз өміріңді де басқа адамдарың өміріне де зиянын тигізеді. Бүгінгі психологиялық тренинг маған өмірге деген оң көзқарасымды өзгертуіме әсер етті. Алдағы уақытта да осындай тренингтерден қалмай қатысатын боламын»,- деді сотталған азамат.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Астана қаласы бойынша ҚАЖД №2 мекемесінде Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті

Қазақстан Республикасында 7 мамырда атап өтілетін мемлекеттік мереке —...

В учреждении №2 ко Дню Защитника Отечества состоялся праздничный концерт

В честь государственного праздника – Дня Защитника Отечества, который...

Әйелдер түзеу мекемесінде ұлы жеңістің 80 жылдығы аталып өтті

Ұлы Отан Жеңісінің 80 жылдығына орай Қазақстан Республикасы ІІМ...