Әйелдер колониясындағы проза мен поэзия кеші

Солтүстік Қазақстан облысы қазақ әдебиетінің көптеген көрнекті классиктерінің отаны болып табылады. Олардың арасында С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, И.Шухов, М.Жұмабаев, С.Шаймерденов бар. Қазіргі уақытта біздің қаламызда көптеген жылдар бойы Михаил
Аверин атындағы әдеби бірлестік өз жұмысын жүргізіп келеді. 14.08.2022 жылы жерлесіміз, жазушы Иван Петрович Шуховтың 116 жылдығын мерекелеу аясында «ЕС-164/6 мекемесі» РММ-ге Қазақстан және Ресей жазушылар одағының мүшесі болып табылатын әдеби бірлестік жетекшісі Кирилл Филонов келді.

Мекеме аумағында жұмыс істейтін «Эллегия» әдеби клубында К.Филонов сотталған әйелдерге Иван Шуховтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндап берді. Иван Петрович- қаламның ұлы шебері, аудармашы және журналист, оның шығармалары бүгінгі күні ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, барлық халықтармен оқылады. Кездесу барысында сотталғандар қонақтармен «Ненависть», «Горькая линия», «Воспоминания», «Родина» және басқа да шығармаларды талқылады. Кирилл Филоновпен кездесуге жас әрі талантты ақын, прозашы және Қазақстан Республикасы журналистер қауымдастығының мүшесі Михаил Гвоздев келді, ол махаббат, патриотизм және туған өлке туралы өз өлеңдерін оқыды.

Өз кезегінде сотталғандар «Эллегия» әдеби клубының қызметі туралы айтып, іс-шара қонақтары жақсы баға берген өзінің өлеңдерін оқыды.

«Мекеме кітапханасы бізді жылы шыраймен қарсы алды. Екі жылдан бері мұнда сотталғандардың күшімен ұйымдастырылған әдеби клуб жұмыс істейді. Оқу залындағы үстелге орналастырылған гүл шоғының қасында мен үйден әкелген Иван Петрович Шуховтың суретін қойдым. Екі сағат бойы жазасын өтеп жатқан әйелдермен жылы қарым-қатынасымыз жалғасты. Шуховтың жарқын туындылары Михаил Гвоздевтің өмірі мен махаббаты туралы өлеңдермен алмастырылды»,- деді Кирилл Филонов.

Кездесу бейресми жағдайда өтті. Екі тарап бір-біріне жылы кездесу, жағымды эмоциялар үшін алғыс айтып, сотталғандардың туған өлкесіне, оның адамдарына және тарихына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу мақсатында одан әрі бірлескен жұмысты жоспарлады.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...

Абай облысы бойынша ҚАЖД орташа қауіпсіздік мекемесінде жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орташа қауіпсіздік мекемесінде...

Торжественное закрытие летней спартакиады состоялось в учреждении средней безопасности ДУИС по области Абай

В учреждении средней безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...