ШҚО-да аутизммен ауыратын 12 жастағы баланы құтқарған полицей марапатталды

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Темірлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метр. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

ШҚО ПД арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтің қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды. Баланы тапқаны үшін министр Марат Ахметжанов полицейді «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін»  ведомстволық медалімен марапаттады.

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...