Бибісара Асаубаева Қазақстанда емес Ресейде тұрып жатыр

Шахматтан әлем чемпионы, 18 жасар қазақстандық Бибісара Асаубаева тұрғылықты жері туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шахматшы өзіне көп қойылатын сұрақтарға жауап беріп, не себепті Ресейде тұрып жатқанын түсіндірді.

«Неліктен Мәскеуде тұрып жатқаным туралы көп сұрақтар қойылады. Мен Қазақстан атынан өнер көрсетемін, бірақ жаттықтырушыларым Ресейден болғандықтан Мәскеуде жаттығамын», — деді Бибісара.

Асаубаева сонымен қатар алдағы уақытта қайда тұрақтап қалатынын нақты білмейтінін жеткізді.

«Жоспарлар орасан зор. Барлығы оңынан болады деп үміттенемін. Қай елде тұратынымды нақты білмеймін, қазір әлемде барлығы тұрақты емес. Бастысы, жаныма жақын адамдардың жанымда болғаны», — деді спортшы қыз.

Айта кетейік, Халықаралық шахмат федерациясы (ФИДЕ) Бибісара Асаубаеваны 2021 жылдың қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы Азияның үздік шахматшысы деп таныған еді.

Бибісара Асаубаева  Қазақстан тарихында ересектер арасындағы әлем чемпионаттарында алтын алған алғашқы шахматшы. Ол сондай-ақ әлем шахматы тарихындағы ең жас әлем чемпионы. 

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...