Күйеуі әйелін шаштаразға барғаны үшін аяусыз ұрып-соққан

Түркіменстанда ер адам ескертпей сұлулық салонына барған әйелін еденге итеріп, ұрып-соққан. Оқиғаның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі fontanka.ru порталына сілтеме жасап.

Видеоны сол жердегі шаштараз маманы немесе келуші түсірсе керек. Онда ер адамның  әйелін жұлқылып, итеріп еденге құлатқаны, кейін сол жерде ұрып-соққаны бейнеленген. Айқаға басып қатты ауға булыққан ер адамның соққысынан тіпті жанындағы шаштараз орындығы ұшып кеткен. Осы кезде жанында тұрғандар ер адамды қанша сабырға шақырса да оның әрекеттеріне араласуға қорыққан. Кейін ер адам сыртқа шығып кетіп, бірнеше минуттан кейін қайта оралып әйеліне қайта соққы жасаған. 

“Қашанға дейін басың ауған жақта жүресің, қашанға дейін сені іздеп жүруім керек?”-деп ер адам түркімен тілінде өз әйеліне айғайлаған.

2022 жылы жаңадан сайланған президент Сердар Бердімұхамедов бірқатар сұлулық қызметтеріне тыйым салатын заң қабылдағаннан кейін, Түркіменстанда сұлулық салондары әдепсіздік болып саналды. 

Алғашында түрікмен әйелдеріне шашын бояуға, қысқа қиюға, маникюр, ботокс, депиляция жасауға тыйым салынған. Кейін олардың киіміне қойылатын талаптар күшейтілген.

Андрей Кукушкин: Алматы тау кластері экономикаға қызмет ететін кез келді

Танымал PR-шы, Еуразиялық тау курорттары альянсының бас хатшысы әрі...

Сила партнерства: как Гражданский Альянс Казахстана строит цифровую демократию

Гражданский альянс выступает главным мостом между государством и обществом....

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Almaty Super Ski жобасын қоғамдық талқылау барысында қоғам қайраткері...

Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл...