Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, биылғы 7 айда қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден аса сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 миллирад теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 миллирад теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 миллиард теңге бөлінген.

«2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 247 мың адам. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды», — делінген хабарламада.

Еске салайық, шілдеде зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда 117 469 теңге болған еді.

Атыраудағы қанды қылмыс: Күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін 

Атырау облысындағы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының қазасына қатысты тергеу жалғасып жатыр – негізгі күдікті Сұлтан Сарсемалиевке тағылған айыптар кеңейтілді.

Солтүстік Корея АҚШ аумағына жететін зымыран әзірлеп жатқанын мәлімдеді – БАҚ 

Солтүстік Кореяның мемлекеттік БАҚ-тары АҚШ аумағындағы нысандарды соққыға алуға қабілетті деп мәлімделген зымырандарға арналған жаңартылған реактивті қозғалтқыштың сынақтан өткенін хабарлады

ҚҚС 16%: Жаңа Салық кодексі кімге қалай әсер етеді? 

Қазақстанда Салық кодексін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде Үкімет жанынан құрылған арнайы жобалық кеңсе аясында мемлекеттік органдар, бизнес өкілдері мен сарапшылардан түскен ұсыныстар қаралып, қолданыстағы нормаларды жетілдіруге бағытталған 60-тан астам мәселе талқыланған.

Қазақстандықтар сәуір айында неше күн демалады? 

Биыл сәуір айы «ұзақ демалыссыз» өтеді. Бұл айда ешқандай мемлекеттік мереке болмағандықтан, қазақстандықтар тек сенбі және жексенбі күндері демалады.

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді 

28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады: "Жер сағаты" акциясы өтеді.