Жігер Ауыпбаев елден жасырған құпиясын ашты

«Халық жек көріп кетпесе екен!» Кино әлеміне аяқ басқан әнші Жігер Ауыпбаев елге өтінішін жеткізді. Ол көрермендер көгілдір экрандағы образын шынайы өмірдегі Жігермен шатастырып алмаса екен деген тілекте, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жігер Ауыпбаев отандық «Бақыттың кілті» телехикаясына түсті. Аталған картинадағы серігі — Ақбота-Нұр Сейтмағамбет. Айтуынша, ол кадрда жағымсыз кейіпкерді сомдайды. Өзін алғаш рет актер ретінде сынап көрген Жігер көрермендерге өтінішін білдірді. 

«Халық жек көріп кетпесе екен. Жағымсыз кейіпкерді сомдаймын. Ол да керек болды. Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарымның бірі. Еліміздің басты арналарының бірінен көрсетілетін телехикая болғандықтан, оған шақырту алудың өзі мен үшін үлкен мәртебе болды. Сондықтан берілген рөлге ешқандай қарсылық танытпай, келісе кеттім», — деді ол «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында.

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...

Алматинцы потратили более 130 млрд тенге из средств ОСМС

В 2026 году Фонд медицинского страхования оплатил медорганизациям Алматы...

Алматылықтар МӘМС қаражатынан 130 млрд теңге жұмсады

2026 жылы Медициналық сақтандыру қоры Алматы қаласындағы медицина ұйымдарына...

БІРІНШІ ҚАЗАН – АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУҒАН КҮНІ

Қазақтың жоғары білім тарихын Абай университетінің шежіресінен бөліп қарай...