«Клементина» атты иісшіл иттің көмегімен есірткі тасымалдаушы күдікті азамат анықталды

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш АПБ-нің полицейлері «Жібек жолы» бақылау бекетінен Қазақстан Республикасына өтетін шекара аумағында есірткі затын алып өтпекші болған өзбекстандық ер азаматты ұстады.
2022 жылдың тамыз айында «Жібек Жолы» бақылау бекетінен Сарыағаш АПБ-нің кезекшілігіне жедел ақпар түседі. Онда бекеттен Қазақстанға жаяулатып өтіп бара жатқан ер азаматтың күдік тудырғаны айтылады. Осылайша оқиға орнына тез арада жеткен полицейлер шекарашылардың «Клементина» атты иті мазасызданып, әлгі күдікті тұлғаны айналшықтап кетпей қойғанын көреді. Полицейлер ер азаматты тексеру барысында шалбарының қалтасынан қағазға оралған есірткіге ұқсас затты алды. Алынған зат бірден сараптамаға жолданды. Нәтижесінде есірткі тектес зат 1,5 грамға жуық гашиш болып шықты.

Бүгінде ұсталған азамат қамауда. Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің полицейлері аталған жайтқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Осылайша Клементинаның сезімталдығының арқасында есірткі тасымалдаушы ретінде күдікті азамат ұсталып, полицейлер қылмыстың алдын алды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...