Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасында Ашық есік күні өтті

Балалар жылы аясында Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасына Нұрсұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми медицина» орталығының кардиолог дәрігері Ахмолдаева Әсия Ақылбекқызы арнайы шақыртумен келіп, балаларды тексеруден өткізді.
«Елімізде кардиологиялық, кардиохирургиялық және аритмогендік патологиясы бар балалар жиі кездеседі. Мұндай диагнозды ерте кезеңде анықтап және оның алдын алу маңызды. Сондықтан балалардың денсаулығын жиі тексеріп отыру қажет», — деді ол.
Қарасай көпсалалы ауданаралық ауруханасы басшыларының бастамасымен ұйымдастырылған Ашық есік күні білікті маман 35-тен астам сәбиді қабылдап, ата-аналарға қауіпсіздік шаралары мен патологияның алғашқы белгілері туралы кеңес берді. Ұйымдастырушылар балаларға арналған акцияларды жиі өткізуді жоспарлап отыр.
«Балалардың денсаулығын жақсарту мақсатында біздің өңірге білікті кардиолог маманды шақырып, балаларды тексеруден өткіздік. Балаларға медициналық көмек қолжетімді болуы үшін ендігі кезекте өзге де бейінді мамандарды шақыруды жоспарлап отырмыз», — деді аурухананың бас дәрігері Малғаждаров Мәулен Сансызбайұлы.
Жалпы, ұлттық ғылыми медицина орталығының мамандары шалғай аудандар мен елді мекендердің тұрғындарын жиі тексеруден өткізіп тұрады.

Отдых на воде начинается с правил 

С НАЧАЛА КУПАЛЬНОГО СЕЗОНА В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ УЖЕ УТОНУЛИ...

Жара алкоголю – не помеха

В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПОДВЕЛИ ИТОГИ ОПЕРАТИВНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОГО МЕРОПРИЯТИЯ «БЕЗОПАСНАЯ ДОРОГА»,...

Все тайное становится явным…(Отголоски января 22-го…) 

СПУСТЯ ЧЕТЫРЕ ГОДА ПОСЛЕ ТРАГИЧЕСКИХ СОБЫТИЙ ЯНВАРЯ 2022 ГОДА...

Наследство без спешки: почему нотариус ждет?

ПОСЛЕ СМЕРТИ БЛИЗКОГО ЧЕЛОВЕКА РОДСТВЕННИКИ НЕРЕДКО СТАРАЮТСЯ КАК МОЖНО...

 «Ключи» от родины

ВОПРОСЫ МИГРАЦИОННОЙ ПОЛИТИКИ НА ФОНЕ МИРОВЫХ ТЕНДЕНЦИЙ СЕГОДНЯ ПОЛУЧИЛИ...