12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мас халде көлік басқарған ер азамат қамауға алынды

Тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Аталған рейдтік шара кезінде Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қауіпсіздік белдігін тақпаған «Ауди-80» маркалы автокөлікті тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің иесі 2021 жылы Келес аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтҚ-нің 608-бабының 1-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Сонымен қатар полицей жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктенді. Тәртіп сақшысы осы жайтты нақтылау үшін, жүргізушіні сараптамадан өткізді. Куәландыру қорытындысы автокөлік жүргізушісінің мас екенін растады.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеуге алып, қазіргі таңда жүргізушіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Көлік айыптұраққа қойылып, ер адам қамауға алынды.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соғуы мүмкін.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

HONOR Android 16 негізіндегі MagicOS 10 бета нұсқасын шығарады

HONOR Android 16 жүйесінде құрастырылған MagicOS 10 операциялық жүйесінің...

Подготовка к отопительному сезону

​​​​​​​В Алматинской области завершается подготовка к отопительному сезону 2025–2026...

Новации – в ЖКХ 

​​​​​​​В г. Шымкенте внедряют цифровые технологии в сферу жилищно-коммунального...

Парк под пристальным контролем

​​​​​​​В рамках республиканской программы «Таза Қазақстан» в Ескельдинском районе...

Современная библиотека Абая

​​​​​​​В общеобразовательной школе № 35 города Семей открылась современная...