Жүргізуші өмір бойы көлік басқару құқығынан және 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау кезінде, Төлеби ауданының полицейлері жарық шамын жақпай келе жатқан «Ваз-21074» маркалы автокөлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер автокөлік иесінің мас күйде көлік жүргізгенін анықтады. Мұны сараптама қорытындысы растады.
Сонымен қатар 2021 жылдың желтоқсан айында сот шешімімен жүргізушінің 7 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда, жүргізуші жол ережесін қайталап бұзып, мас күйде көлік тізгіндеген.

Жүргізушіге қатысты ҚК-нің 346-бабы, яғни «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі» бойынша іс құжаттар жинақталып, Төлеби аудандық сотына жолданды. Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, көлік басқару құқығынан өмір бойына және 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік басқармауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әскери соттардың соттылығы: Жаңа құқықтық өзгерістер

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери...

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...