Жартылай орта салмақта IBO чемпионы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) badlefthook.com басылымына берген сұхбатында қандай жағдайда карьерасын аяқтауға мәжбүр болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Боксты сүйемін, жеңгенді жақсы көремін. Маған промоутер мен жекпе-жектер қажет. Егер 2022 жылдың соңына дейін олай болмаса, зейнетке шығу керек болады. Промоутермен сөзге келіп жүргім келмейді, мен өзімді көрсете алған бокашымын. Сондықтан маған сенетін, жақсы айқастар ұйымдастыратын промоутер қажет», — дейді боксшы.
Данияр Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін желтоқсан айында өткізді: ол аргентиналық боксшы Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Содан бері қазақстандық рингке шыққан жоқ.