Полицейлер жаяу жүргіншіден есірткі тапты

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түсті. Онда тұрғын үйінің жанында әлдебіреудің есірткі затына ұқсас затты қолданып отырғанын жеткізген. Полицейлер ақпарат алысымен тез арада іске кірісті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркелді.

Хабарламада көрсетілген жайтты анықтау мақсатында оқиға орнына Кентау ҚПБ-нің қызметкерлері шығып, шұғыл тексеру жұмыстарын жасады. Осы жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікке ілінген азамат көшелердің бірінен ұсталды. Оның жеке басына тінту жүргізу кезінде, шалбарының сол қалтасынан пакетке оралған жасыл түсті есірткі затына ұқсас ұнтақ табылды. Сараптамаға жолданды. Оның салмағы 15 грамм болатын «кептірілген марихуана» екені белгілі болды.
Күдікті өз жауабында аталған есірткі затын тауып алғанын жеткізді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы Кентау ҚПБ қызметкерлерімен анықталатын болады.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға тыйым салынған заттарды қолданып, сатуға, сақтауға болмайтынын, әр құқықбұзушылыққа өзіне сәкес шара көрілетінін ескертеді. Жалпы есірткі қолдану, бірінші кезекте сіздің денсаулығыңызға қауіпті екенін айтып, салауатты өмір салтын қолданып жүруге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Әскери сот шешімдерін халықаралық деңгейде тану: Апостиль қоюдың заңдық негіздері мен тәртібі

Қазіргі жаһандану заманында азаматтар мен әскери қызметшілердің шетелдік мемлекеттермен...

Алматыда QASQYR CUP медиа аударыспақ турнирі өтті

Алматыда қазақтың ұлттық спорты аударыспақты кеңінен насихаттауға арналған QASQYR...

ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ

Қарттар күні мен Ұстаздар күніне арналған тағылымды шаралар Қазан айы...

Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің рөлі

Мемлекеттік тіл – ел тәуелсіздігінің, ұлттық бірегейліктің және мемлекеттік...

Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның берік негізі

Қоғамның тұрақты дамуы мен елдің өркендеуі ең алдымен заңның...